Баламның болашағына көзқарасым
Дата: 2020-12-24 21:15:16
Желтоқсан айының 23-і күні мектебімізде Психолог М.С Үмбет 8-сынып ата-аналарымен «Баламның болашағына көзқарасым » атты тренинг өткізді. Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы және өз баласын жақсы тануға көмек көрсету. Ата –аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізу.Ата –аналар назарына әр түрлі жағдаяттар ұсынылды.Одан шығу жолдарын пікір алмасып, ой түйді. «Мен баламды қаншалықты танимын?» атты қызықты онлайн ойын ойнатылды. Қорытынды ретінде ата-аналар бір ауыз жылы сөзбен тренингті аяқтады.