Мен және заң
Дата: 2020-12-24 21:05:32
Желтоқсанның 22 күні мектебімізде оқушыларымен «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз-қоғам мүделеріне опасыздыққа қарсымыз» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы акция өтті.Акция барысында әлеуметтік педагог Ж.Мустапаева сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті. Сонымен қатар аға тәлімгер А.Ахметова Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңның баптарымен таныстырылып, ақпарат берді. Тақырыпқа байланысты бейне ролик көрсетілді. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.