«Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шараның ақпары
Дата: 2020-12-15 15:11:50
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдер түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 11-желтоқсан күні рейд жүргізілді. Рейд дүкендер, ойын клубтары, ойын-сауық мекемелері мен мектепішілік есепте және бақылауда тұрған оқушылардың үйлеріне жасалынды. Рейдке мектебіміздің ата-аналары, инспектор Б.О.Амирханов, мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілері қатысты. Рейд барысында құқық бұзушылық пен беймезгіл жүрген оқушылар анықталған жоқ.