«Жас сарбаз» сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады

Дата: 2020-12-09 12:25:03

2020 жылдың 08-желтоқсан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Жас сарбаз» сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсіміне №73165, 53898 әскери бөлімінің қызметкерлері қатыстырылып, ант қабылдау рәсімі №31765 әскери бөлімінің қызметкері сержант Е.Қ.Лұқпанов пен №53898 әскери бөлімі командирінің идеологиялық жұмыстар және арнайы насихат тобының аға офицері майор Н.З.Хасеновке берілді. Сарбаздардың ата-аналары салтанатты жиынды ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан тамашалады. Жасөрендер мектеп ережесін бұзбауға, сабақта алдыңғы қатардан көрінуге, жас сарбазға сай білім мен тәртіпті өз бойларынан көрсетуге салтанатты түрде ант етті. Шара соңында мектеп директоры А.Т.Токейбекова жас сарбаздарды құттықтап, анттарына адал болуға шақырды.