Отбасы және мектеп байланыс нүктелері

Дата: 2020-12-06 19:59:33
Жалпы білім беретін №8 орта мектебі 2020 жылдың 04- желтоқсаны күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған облыстық семинарға қатысты. Семинар «Отбасы және мектеп: байланыс нүктелері» тақырыбында өткізілді. Шараның барысында мектебіміз «Болашақ- ұрпақтың қолында!» тақырыбымен «Жас сарбаздар» сыныбы оқушыларының ата-аналарының кәсіби бағдар беру мәселелеріне назар аударуына ынталандыру мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Семинарға «Жас сарбаз» сынып оқушыларының және түлектерінің ата-аналары қатысты.Әскери бағытты таңдаған әр сарбаз бізді қуантатыны сөзсіз. Бұл кәсіби жұмысымыздың жемісі деп білеміз. Мысалы, оқушыларымыздың бірқатары бүгінгі күні Ақтөбе қаласындағы Әуе Қорғаныс Күштері институтының, Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясының, Ұлттық Ұлан гвардиясының, Республикалық «Жас ұлан» әскери мектеп- интернатының тыңдаушылары болып отыр. Осындай кішкентай болып «Жас сарбаз» сыныбының табалдырығын аттаған оқушыларымыз есейіп мамандық таңдау кезінде қобалжитыны рас. Біз де ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап, ол кісілердің көмегі басым екенін айтып отырамыз. Көбіне әкелер тарапынан ықпалдың жоғары болатыны көрініп жатады. Себебі, отбасында баланы қатал тәрбие, қатаң тәртіпке баулитын осы әкелер. Кәсіби бағдар берудегі көрсеткішіміз де тұрақсыз өзгеріп отыр.
Семинар барысында, 5Ә сыныбының сарбаздары өскенде кім болатынын айтып, армандарын білдірсе, әскери мамандықтың маңыздылығы, тиімділігі, жұмысқа орналасудағы мүмкіндіктері туралы ойымен бөлісіп Жас сарбаз сыныптарының әлеуметтік серіктестігі, демеушісі "TF-Security "күзет агенттігінің қызметкері, контр-адмирал Абикеев Кенжеберген Қабышұлы бейнеролик жолдады.«Жас сарбаздар» сыныбы оқушыларының ата-аналарының кәсіби бағдар беру мәселелеріне назар аударуы, оның маңыздылығы туралы талқыланып, қатысушы ата-аналардан «Отбасы ықпалы қалай болуы керек?» деген сұраққа жауап алынды.Білім алушылармен осы кәсіптік бағдар беруде жаңылыспай дұрыс бағыт-бағдар беруде ісіміз оңды болуы үшін ата-аналардың ықпалы, қолдауы керектігі айтылды.