Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт
Дата: 2020-11-30 09:02:25
«Мен оқимын, сен де оқы!» READING TIME кітап оқу жобасы Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары бәсекеге қабілеттілікті дамытып, азаматтардың білім деңгейін арттыруды көздейді. Осы орайда БЖҒ министірі А.Аймағанбетов бастамасымен қолға алынған «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» жобасы міндеттерінің бірі - оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту болып табылады.Мектебіміздің оқушыларының оқу мәдениетін дамыту, функционалдық оқу сауаттылығын арттыру,отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру және қолдау, әр түрлі жанрдағы ұлттық және әлемдік шығармаларды кеңінен тарату мақсатында мектебіміздің оқушылары, ата-аналары, ұстаздарымызбен әр сенбіде өткізілетін қалалық «Мен оқимын, сен де оқы!» READING TIME кітап оқу сағаты өткізілді. #Reading time #Ireadtoo,youreadtoo!