Ашық сабақ

Дата: 2014-03-13 10:49:55
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова.Қанат туралы хикая.

Сабақтыңмақсаты:

Оқушыларға өлеңніңнегізгі ойын түсіндіру. Фариза Оңғарсынова туралы білімдерін толықтыру. Өлеңді нақышына келтіріп,мәнерлеп оқуға баулу. Бала бойындағы аяушылық, мейірімділік, ата-анағадеген ыстық сезімдерін қалыптастыру,қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Әдіс:сұрақ-жауап, СТО технологиялары,

Пән аралық байланыс:бейнелеу,музыка,дүниетану,ана тілі.

Көрнекілік:Ф. Оңғарсынова суреті,құстар суреті,слайд, музыкалық аппарат, видеопроектор.

                                   Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезең.

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөлу: бүркіт,көгершін,аққу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» ойыны арқылы тексеру.

«Миға шабуыл»

-Баубек Бұлқышев кім?

-Ана туралы қандай мақал білесің?

-Диалог дегеніміз не?

-Асыл әжем туралы не айтасың?

-Баубек Бұлқышев Анаға деген махаббатты қалай суреттеген?

-Анаға деген өз махаббатыңды қалай жеткізер едің?

-Мәтінді дауыс ырғағына қарай жатқа айту.

-Монолог деп нені айтамыз?

-Ана туралы өлең жатқа айту.

30

30

30

20

20

20

40

40

40

 

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

-Баубек Бұлқышев «Ана»

-Осы оқыған мәтін кімге байланысты болды?

-Шығармашылық жұмыс.

IY.Жаңа сабақ:Қызығушылығын ояту.

/Құстардың дыбысын есту арқылы қандай құс екенін табу./

І топ - Құстар туралы не білесіңдер?

ІІ топ – Қандай пайдасы бар?

ІІІ топ – Қандай киелі құстарды білесіңдер?

 -Бүгін біз Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз.

-Оқушылардан жаңа тақырыптың мақсатын сұрап өту.

Түсіндірме сөздік жұмысы

Хикая-әдебиет жанрының   бір түрі. Арабша әңгімелесу мағынасында қолданылатын термин. Повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр.

Хикая-сюжетке құрылған оқиға желісі. Өлеңмен жазылған түрі- «хикаят» делінеді.

Ф.Оңғарсынова туралы 2-3 сыныпта ана тілі сабағында өттіңдер, зерттеп келуге үйге тапсырма берілген.

 

Қайда туған?    Қандай шығармалары           Фариза апа жөнінде мен не                          

                                    бар?                                                білемін?

 

Сыни тұрғыдан оқыту технологиясы бойынша сызбамен жұмыс.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған .

Марапаттары

«Құрмет белгісі» (1976)

«Парасат ордені» (1996)

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).

Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985).

Қазақстанның халық жазушысы (1991).

Қазақстанның халық ақыны.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

23-қаңтарда 2014жылы 75жасқа қараған шағында қайтыс болды. Фариза Оңғарсынова Астанадағы Ұлттық Пантеонға жерленді

Шығармалары

Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;

Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;

Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;

Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;

Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;

ОтбасыӘкесі - Иманғалиев Оңғарсын.

Анасы - Иманғалиева Қалима.

Ұлы - Оңғарсынов Айвар (1966 ж туған ).

Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ).

Слайд    /қосымша деректер/

Фариза Оңғарсынованың өз даусымен оқыған өлеңін тыңдау.

Кітаппен жұмыс:

а) мәнерлеп оқу

ә) іштей оқу

б) тізбектей оқу

-Балалар сендерге осы өлеңнен түсініксіз сөздер кездесті ме?

/қарындашпен түртіп алу/

Сөздік жұмыс:

обал-жаны ашу

қатер- жаманшылық, ауыртпашылық

жарасым- өмір мәнді,мағыналы болады,

мүгедек-қанаты жараланып ұша алмай қалды,

күдік- әртүрлі ой ойлау.

Сұрақ –жауап әдісі:Әр топ  2 сұрақтан дайындайды.

Сергіту сәті: /музыка арқылы/

Көркем  сөзбен жұмыс.   Топпен жұмыс.

-Қарлығаш баласы жерге құлап қалғанда не істеді?

-Ата-анасы жылады.

Жыладысөзі тура мағынада айтылып тұр ма?

-Қандай сөзбен алмастыруға болады?

 

І топ«Балық сызбасы»

 

 
 

 

 

 

 

жан ұшырды                                 

                                                          дамыл таппады

 

 
 

 

 

 

шырыл қатты                          қатты үрейленді

 

 

 

2. Дәрі жағып,көмек берген сөз балапандарының халі қандай болды?

ІІ топ   «Топтастыру» стратегиясы

әлденді                                                    Овал: Балапанның халі                          Беті бері қарады

 

 

           
   
 
   
 

 

 

 

Күш жинады                                                                        Денсаулығы жақсарды

 

                                                         Шынықты

ІІІ топ

Сұрақ бойынша жұмыс.

1. Әр адамның тіршілік иесінің өз баласына шексіз жақсы көруін махаббатын өлеңде қандай жолдар айқындай түседі.

-Ата-анасы жылады

-Шырыл қағып. Обал-ақ!

2. Ата-ананың адам үшін қасиетті екенін қай жолдан көруге болады?

-Қанатымның екеуі

-Сау болса кен мәңгілік

-Қорыта келгенде, Отбасы туралы не айтамыз?

-Отбасы неден басталады?

-Отбасы қандай болу керек?

-Отбасында кімдер болады?

-Отбасы –әр адамның шағын отаны. «Отан отбасынан басталады» дейді халық.Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Отбасы шағын мемлекет.Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Y.Жаңа сабақты бекіту.

Сонымен балалар қос қанатымыз кімдер екен ?

-Әкеміз бен шешеміз.

-Біз ата-анамызды құрметтеп, мейірімді болуымыз  керек,қолғанат болуымыз керек.

Дәптермен жұмыс: /мақалды құрап мағынасын ашып, дәптерге жазу/

Конверт«Құпия сөз»

І топ    «Ана сүтін ақтамаған, Ешкім мақтамайды.»

ІІ топ   «Әкеге қарап ұл өсер, Шеше қарап қыз өсер.»

ІІІ топ  «Ана алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет.»

Шығармашылық жұмыс.

І топ Отбасы туралы әңгімелеу./газетті қорғау/

ІІ топ Көрініс.  /сахналау/«Келген қонаққа  құрмет»

ІІІ топ Өлең құрастыру,сурет салу.

Отбасы туралы кім ән біледі?

ҮІ. Қорытынды

-Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Фариза Оңғарсынова кім?

-Қандай шығармалары бар екен?

-Ата-аналарыңа қандай тілек айтасыңдар?

ҮІІ.Үйге тапсырма

«Қанат туралы хикая»  өлеңін жаттау,отбасы туралы  эссе жазу.

ҮІІІ.Бағалау. /Рефлексия/