Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

Дата: 2020-11-20 09:32:40
2020 жылдың 18 қараша күні Жас сарбаздар сыныбы мен 11- сынып оқушыларына арналған «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» тақырыпта ерлік сабағы өткізілді.
Балқаш қаласы №53898 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальон командирінің орынбасары капитан Олжабай Азамат Аманбекұлы, осы әскери бөлімнің әскери ұшқышы аға лейтенант Нұрмолда Ербол Ермекұлымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында қашықтықтан патриоттық сабақ ұйымдастырылды. «Әскери қызмет – мәртебелі мамандық» демекші, тәуелсіз елдің білікті де, білімді, жігерлі, зиялы азаматтары жас ұрпаққа кәсіптік бағдар бере алды.