«Балқаш мыс алыбы»
Дата: 2020-10-28 21:50:34
2020 жылдың 22- қазанында тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен он-лайн форматта 5-6-сынып оқушыларын виртуалды тарихи-өлкетану көрмелерінің жұмыстарымен таныстыру мақсатында қалалық музейге виртуалды кездесу өткізді. Қалалық музей өлкетанушысы Д.А.Қожақов оқушыларға «Балқаш мыс алыбы» өңірімен - тарих көшіне ілескен туған жеріміз, сүйікті қаламыз Балқаш қаласының тарихын таныстырды.Мұнда, Балқаш кен металлургия комбинатының құрылу тарихы, Балқаш құрылыс тарихынан сыр шертеді. Балқаш өміріне байланысты: «Цинковый завод», «Трест Прибалхашстрой», «Балхаш-Атамекен», «Посвящение городу», «Заводтың құрылу тарихы» альбомдары жазылған. «Жез таулар» (Ә.Әзиев), «Годы и люди», «Времен связущая нить- из Балхашского журналиста», «Мой город Балхаш», «Балхаш тарих беттері» (С.Каукербекұлы), «Экология Прибалхашья», «Люди медного гиганта» (Р.Кенбаев) және тағы басқа да кітаптар жинақталған.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күнгі өмірінен сыр шертеді. Бұл бөлімдегі негізгі мағлұматтар: Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Тәуелсіз Қазақстан, мәдениет, спорт, өнер, білім, құрылтайлар, жолдаулар мен тарихи тұлғалар жайында жинақталған. Жаңалықтар үнемі жаңартылып толықтырылып отырады.Бұл кездесу біздің тарихи-өлкетану мұражайымыздың оқушыларға берер байлығы мен мол мұрасы болды.