«Адам өзіне қалай сенімді бола алады ?» атты тренинг
Дата: 2020-10-19 11:47:35
Мектебімізде Қазан айының 17 –сі күні ЗУМ платформасы арқылы Жас мамандар арасында «Адам өзіне қалай сенімді бола алады ?» атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: Мектепке жаңадан келген жас мамандардың өзіне деген сенімділіктерін арттырып, жігерлі болуға үйрету. Мектеп ұжымына сіңісіп кетуге жағдай жасау.
Бұл тренинг тұлға ретінде өз-өзіңізге сенімді болуға және де кішкене болсада өмірімізді бақытты етуге керек деп ойлаймын. Өзіңе деген сенімділік бақытты, өзін-өзі қамтамассыз ететін тұлғаның теңдеуіндегі ұшқыр, мобильді айнымалы болып табылады. Сенімділік - деген туа біткен қасиет емес, өмір бойы қалыптасатын дүние .Сол себепті біз барлық күш- жігерімізді салуымыз керек.