«Рухани келісім- халық бірлігіне бастар жол»
Дата: 2020-10-15 10:22:16
Рухани келісім күні елімізде 1992 жылғы 18 қазаннан бері жыл сайын атап өтіліп келеді және Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі болып есептеледі. Соған орай мектебімізде қазанның 14-і күні психолог М.С Үмбет пен кітапханашы З.Н Шайбекова 4 сынып оқушыларымен «Рухани келісім- халық бірлігіне бастар жол» атты тәрбие сағатын өткізді. Қонаққа Әкелер кеңесінің төрағасы М.К Жұматаев шақырылды.Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз.М.К Жұматаев оқушылардың ойда жүрген сұрақтарына тұжырымды жауап беріп,ой бөлісті. Иә, ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше екені белгілі. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта – ниеті асыл, тілек – армандары орындалып, бақытты қоғам әрі бейғам өмір кешетіндігі ежелден белгілі. Сол себепті бабаларымыздың: «Бірлігі барды – жау алмайды» немесе «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөздің астарында ауыз бірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздегені сол замандарда – ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан ғой.