« Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі »

Дата: 2020-10-14 19:57:37

14-ші қазан күні орта буын сыныптың қыздарының арасында « Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі » атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. Мақсаты: қыз баланың тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу, жайлы айтылды. Мектебіміздің мейірбикесі М. Сатбекова қыз балалардың жеке гигиенасына тоқталып, толық мағлұмат берді. Сонымен қатар достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды. «Қазақ қызы қандай болуы керек? » тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Соңынан қыздар өз пікірлерімен бөлісті.