«Қауіпсіз жаз-20» жиналыс ақпары
ЖББ №8 орта мектебі бойынша ата-аналармен өткізілген
«Қауіпсіз жаз-20» жиналыс ақпары
2020 жылдың 20-25 мамыр аралығында барлық сыныптар бойынша онлайн режимде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға жаз уақытында бала өмірінің қауіпсіздігін сқтау үшін қауіпсіздік ережелері айтылып, түсініктеме берілді.
Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.
Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн: - Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз; - Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз; - Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз; - Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз; - Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.
Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз; - Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.