Размер шрифта:

2019-2020 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру жөнінде ақпар

Дата: 2020-04-29 09:58:35

2019-2020 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру   жөнінде ақпар
    Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Мектепте кәсіптік бағдар жұмысы жоспары бекітілген,  ағымдағы оқу жылына мектеп жұмыс жоспарының бір бөлігі болып табылады.
    Кәсіптік бағдар берудің маңызы ата-аналармен жұмыс болып табылады.  Ата-аналар, әдетте балалары өмірі үшін олардың кәсіби жоспарларын анықтау кезінде белсенді қатысады. Профильді және кәсіби мүдделерін зерделеу мақсатында 8, 9 сыныптар сауалнама қатысады, сыныптан тыс іс-шара мен сынып сағаттары өткізіледі. Сынып сағаттар: «Сенің таңдауын»  «Кәсіптер әлемі және оның ішінде алатын орнын».
      Кәсіптік бейімдеу- оқу орнындағы «ашық есік» күндері  өткізіліп, мектеп  оқушылары  қатыстырылып келеді.2020 жылдың  қаңтарында  Қазақмыс политехникалық колледжіне  9-сынып оқушылары  кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттар алу үшін  барып қайтты. Сынамада әр факультет өкілдері өз мамандықтары жайында презентация жасап, толық түсіндірме жүргізді. Мамандықтар туралы жалпы ақпараттар беріліп, оқушыларға  оқуға түсуге қажетті ақпараттар   берді. Жұмыс лабараториясына саяхат жасалды.  Мысалы металлургтер лабараториясында эксперимент көрсетілді. Мыстың  шығарылу  тәсілімен таныстырылды.   Электр  мамандығының  жұмысымен таныстырылып, приборлармен жасалатын жұмыстарды көрсетті. Дизайнерлердің жасаған әртүрлі үлгілерін көрсетті. Сайыстарға қатысқан жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Қазіргі таңда техникалық мамандықтарға көп көңіл бөлініп отырғандықтан  бұл оқу орында оқитын әр студентке келешекте жұмыс қарастырылатыны баса айтылды.


 

  Сонымен қатар  Балқаш Сервис колледжі, Балқаш медициналық колледжіне  9-сынып оқушылары  «ашық есік» күндеріне  қатысып отырды. Сынамада мамандықтар туралы жалпы ақпараттар беріліп, оқушыларға  оқуға түсуге қажетті ақпараттар жазылған жадынамалар таратылды.
     Колледж студенттерімен дайындалған концерттік бағдарлама қойылып , ондағы әр топ  өз мамандықтарының қыр-сырын ашып айтты.Сонымен қатар, стенттер шығармашылығы таныстырылып, көрме ұйымдастырылды. Аталған оқу орнында оқытылатын мамандықтар бойынша,мысалы,аспаздық өнімдердер жасалынып ұсынылса, кейбір оқушыларға шаш үлгілерін жасап шеберлік сыныптары өткізілді.Қоғамға қажетті бұл мамандықтар оқушыларды қызықтырмай қоймады. Тіпті кейбірі осы мамандыққа түсетінін де жасырмады. Ал Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде оқушылар «Ертөстік» бала бақшасында болып, студенттердің ашық сабақтарын көріп, өзіндік ой түйіндеп қайтты.