Отбасы сағаты
Дәреже: Ата-аналар, Сіздер үшін
Дата: 2023-01-19 12:14:48
2023 жылдың 13 қаңтарында мектеп-лицейімізде инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирде 5-11 сыныптар оқушыларының ата-аналарының қатысуымен "Отбасы сағаты" өтті. Күн тәртібінде қозғалған мәселелер: 1) жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу; 2) "Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсан...
Жаңылтпаштан жаңылма
Дәреже: Құттықтаймыз!
Дата: 2023-01-19 11:55:58
"ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығы аясында 18-ші қаңтар күні 7 сыныптар арасында "Жаңылтпаштан жаңылма" 1001 мақал 101 жұмбақ атты таңымдық сайыс өтті.
Мақсаты: жаңылтпашты жатқа айтуға үйрету, тіл байлығын дамыту, ана тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
Сайыста белсенділік танытқан оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз. 7А сынып 1-о...
Мені қызықтырған кітаптарым
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-19 11:27:44
"ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылық апталығы аясында 17-ші қаңтар күні 9-10 сыныптар арасында "Мені қызықтырған кітаптарым" тақырыбында презентация байқауы өтті. Байқауға қатысқан оқушылар өз презентацияларын қорғады. Үздік презентация қорғаған оқушы марапатталды.
Тілім менің —тірегім, соғып тұрған жүрегім
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-19 09:59:06
Оқу сауаттылығы апталығы аясында 4-сыныптар арасында "Тілім менің —тірегім, соғып тұрған жүрегім" атты мәнерлеп оқу сайысы 4-сыныптар арасында өткізілді. Қатысушылар ана тілін дәріптеген белгілі ақындарымыздың өлеңдерін оқудан өнерлерін ортаға салды. Жауапты бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова А. А. болды.
Менің отбасым және кітап
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-19 08:22:42
Оқу сауаттылығы апталығы аясында 18.01 күні бастауыш сынып мұғалімі Байтурганова М. С. жетекшілігімен 4-сыныптар аясында "Менің отбасым және кітап" тақырыбында фотогалерея ұйымдастырылды. Бұндағы негізгі мақсат отбасының бос уақытты бірге және пайдалы өткізудің артықшылығын көрсету және насихаттау болатын. Фотогалереядан оқушылар да, олардың ата-аналары да жақсы әсер алды.
Қыздар жиналысы
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-01-18 22:35:14
2023 ж қаңтар айының 18- жұлдызында лицейімізде 5-6сынып қыз балалар арасында Садыканова Б.Ж және Касенова А.Б ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын , салт -дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерін баулу, тәрбиелеу.Қыз -ата-ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі.Қыз балаларға үлкендер...
ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-18 22:28:10
"ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығы аясында 18-ші қаңтар күні 7 сыныптар арасында "Жаңылтпаштан жаңылма" 1001 мақал 101 жұмбақ атты таңымдық сайыс өтті.
Мақсаты: жаңылтпашты жатқа айтуға үйрету, тіл байлығын дамыту, ана тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
Сайыста белсенділік танытқан оқушыларды жүлд...
ХХІ ғасыр -сауатты ұрпақ ғасыры
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-18 22:18:53
"ХХІ ғасыр -сауатты ұрпақ ғасыры" апталығы аясында 3-сынып оқушыларынан "Кітап оқу-рухани кемелденудің көзі" тақырыбында бестік диктант алынды.
Мақсаты: оқушылардың танымын арттыру, сөздік қорын дамыту, сауаттылыққа баулу.
Daily and Free-time activities
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-18 09:42:11
17.01 күні ағылшын тілі мұғалімі Данағұлова Аяужан Мұратовна 3А сыныбында "Daily and Free-time activities" (Хобби) тақырыбында ашық сабақ берді. Жас маман сабақ мақсатына жетуде интерактивті тақта мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқушылар әріптердің орны ауыстырылып берілген сөздерді саусақтың ұшымен ғана қалпына келтіруге берілген тапсырманы аса қызығушылықпен орындады. Өлеңді...
Қоғамдастық және кәсіби серіктестік сапалы оқу мен тәрбиенің заманауи форматы
Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ!
Дата: 2023-01-17 22:39:56
"Абай атындағы №2 мектеп -лицейі" КММ да "Табыс формуласы" жобасы аясында серіктес мектептер Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебі және Жалпы білім беретін №9 орта мектептердің оқу ісі, тәрбие ісі және мектеп координаторларымен
"Қоғамдастық және кәсіби серіктестік сапалы оқу мен тәрбиенің заманауи форматы" тақырыбында пікірлесу алаңын өткізді.
Іс шара барысында...
Денсаулыққа қауіп – темекі, ішімдік, есірткі
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-01-17 20:36:28
"Денсаулыққа қауіп – темекі, ішімдік, есірткі" тақырыбында Қуанышбекова Г.Қ. 7Б сынып оқушыларымен дәріс сабақ өткізді. Оқушыларға бірінші байлық – денсаулық екенін ұғындыра отырып,
зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы
Дәреже: Оқу үрдісі
Дата: 2023-01-17 20:30:58
"ХХІ ғасыр -сауатты ұрпақ ғасыры" апталығы аясында 10-11 сынып оқушылары тәрбие негізі - ұлттық болмысымызды дәріптеп, "Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы" тақырыбында эссе жазды.