«BookBest» кітап алмасу акциясы («Книжный сюрприз») іс-шарасы

Дата: 2023-01-24 15:04:39
«BookBest» кітап алмасу акциясы («Книжный сюрприз») іс-шарасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспарға сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-де аталмыш жоба жетекшілерінің ұйымдастыруымен 16-23 қаңтар аралығында 3-6 сыныптар арасында «BookBest» («Книжный сюрприз») кітап алмасу акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты:  оқырмандарымыздың арасында жан азығы, рухани байлық, білімнің қайнар көзі кітап екенін бойларына сіңірту.
 Кітап алмасу акциясына қатысатын оқырмандарға алдын-ала хабарландыру беріліп, төмендегі талаптармен таныстырылды: сыйға берілетін кітап үйдегі бар, өздері оқыған, ұқыпты ұсталған болуы керек. Сыртын  безендіріп, қаптап, алдын-ала кітапханаға әкеледі. Реттік нөмірі беріліп, сол бойынша акцияға қатысушы  оқырмандар бір-бірімен кітап алмасады.
Акцияның аясында оқушыларымыз өздері оқыған кітаптарын сыйға беріп, достарымен бөлісті, сол кітапқа жаңа өмір сыйлады. 4 А, 4 Ә, 4 В сынып жетекшілері мен ата-анасына, оқушыларына акцияға белсене ат салысқандары үшін алғыс білдіреміз!