Тәрбиелік іс- шаралар
2022 жылдың 12 мамырында «Қамқор» облыстық ауқымды рейд өтті.
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-05-13 15:09:59
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау бойынша Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 12 мамырында «Қамқор» облыстық ауқымды рейд өтті. Рейдтің басты мақсаты – әлеуметтік-медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға бекіту. отбасына жан-жақты қолдау көр...
«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-05-10 08:43:35
07.05.2022 жылы «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді жүрді.
"7-мамыр Отан қорғаушылар күні" мерекесі қарсаңында мектеп-лицейіміздің Жас сарбаздары мен Жас Ұландары арасында ту ұстаушылар байқауы өтті.
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-05-06 16:04:14
2022 жылдың 5-ші мамырында "7-мамыр Отан қорғаушылар күні" мерекесі қарсаңында мектеп-лицейіміздің Жас сарбаздары мен Жас Ұландары арасында ту ұстаушылар байқауы өтті. Байқауға қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
"Отан үшін жан қиған ер" VI аймақтық көркем сөз байқауында мектеп-лицейіміздің 7 А сынып оқушысы Дәуітәлі Ұлжан І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-05-05 10:18:26
Жеңістің 77 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Қазыбек Нұржанов атындағы мектеп оқушыларының "Отан үшін жан қиған ер" VI аймақтық көркем сөз байқауында мектеп-лицейіміздің 7 А сынып оқушысы Дәуітәлі Ұлжан І дәрежелі дипломмен марапатталды.Құттықтаймыз!
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі, «29 сәуір - дүниежүзілік би күні» мерекесі қарсаңында мектебімізде 6,7,8-сыныптар арасында «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты ұлтаралық дәстүр бойынша байқау өткізілді.
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-29 23:12:07
29.04.22 ж. күні «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі, «29 сәуір - дүниежүзілік би күні» мерекесі қарсаңында мектебімізде 6,7,8-сыныптар арасында «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты ұлтаралық дәстүр бойынша байқау өткізілді. Байқауда әр сынып Қазақстанда мекен ететін әр ұлттың ұлттық өнерін және ұлттық тағамын таныстырды. Іс...
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында мектептің 1,2 - сыныптар оқушылары арасында «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-29 23:10:02
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында мектептің 1,2 - сыныптар оқушылары арасында «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар алғыс хатпен, І, ІІ, ІІІ-ші орындармен марапатталды.
«Отбасы- қауіпсіз мекен»
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-23 11:59:10
Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі»,- дей отырып, биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек екендігін айтқан болатын. Осыған байланысты, 2022 жыл- «Балалар жылы» болып жарияланды. Балалар жылының жоспарына сай, «Отбасы- қауіпс...
“ Мамандықтар әлемі “
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-20 15:06:57
2022 жылдың 19 сәуір күні апталық жоспарға сай 7 В сынып жетекшісі Қ.А.Аманжол “ Мамандықтар әлемі “ тақырыбы аясында 7- сынып оқушыларымен компьютерлік ойындар жарысын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру.
«Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі»
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-15 18:54:38
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасында Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы ақпан айының 5-8 аралығында әлеуметтік педагог А.М.Тохметованың ұйымдастыруымен 4-7 сыныптар арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс сабақтарры өтті.
«Өз қалаңды білесің бе?» викториналық ойыны
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-15 12:36:19
Қаламыздың 85 жылдығына орай 5 Ә сынып жетекшісі А.Б.Касенованың ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Өз қалаңды білесің бе?» викториналық ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыру.Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және өз қаласы туралы мағлұматтар беру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жарыса отырып жауап бер...
«Спорттық жетістіктерімді қалама арнаймын»
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-13 15:41:18
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балқаш қаласының 85 жылдық мерекесіне орай дене шынықтыру пәні мұғалімдері Т.А.Молдажанова мен З.Ә.Ахметтің ұйымдастыруымен 5 А, 5 Ә сыныптары арасында «Спорттық жетістіктерімді қалама арнаймын» атты спорттық жарыс өткізілді.
Ақпараттық стенд
Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2022-04-12 13:00:24
Балқаш қаласының 85 жылдығына орай 6 В сынып оқушылары қаламыздың тарихы туралы "Сүйікті қалам- Балқашым" атты ақпараттық стенд жасады. Сынып жетекшісі: Л.К.Байжуманова