«Өз қалаңды білесің бе?» викториналық ойыны
Дата: 2022-04-15 11:36:19
Қаламыздың 85 жылдығына орай 5 Ә сынып жетекшісі А.Б.Касенованың ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Өз қалаңды білесің бе?» викториналық ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыру.Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және өз қаласы туралы мағлұматтар беру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жарыса отырып жауап берді. Сайыс барысында Мақсұт Бекболат, Скаков Айбек, Ержанұлы Еділ және Болатхан Томирис сынды оқушылар өз ойларын ашық жеткізді. Сайыс өте тартымды өтті.