Тәрбиелік іс- шаралар

Дүниежүзілік космонавтика және авиация

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-12 22:42:02
Дүниежүзілік космонавтика және авиация
«Дүниежүзілік космонавтика және авиация» күніне орай 2023 жылдың 11 сәуір күні мектеп - лицейіміздің 4 А, Б, В сыныбының оқушылары «Балқаш қалалық тарихи- өлкетану»  музейінде ұйымдастырылған «Ғарыш әлеміне саяхат» көрмесін тамашалап қайтты. Оқушылар білімдік – танымдық экскурсия аясында викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік көрсетті.

Табиғат сенің өз үйің

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-06 21:06:51
Табиғат сенің өз үйің
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 2023-жылдың 3- сәуірі күні  әдеттегідей саптық жиын өтті. Саптық жиын экология тақырыбына байланысты  «Табиғат сенің өз үйің» тақырыбында болды. Саптық жиынды 4 А сыныбы және 9А сыныбы сыныптары өткізді. Саптық жиында табиғат біздің өз үйіміз, табиғатты аялау керектігіміз жайлы және оны ластамауға, таза ұстау әр адамның па...

Салауатты өмір салты

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-04 08:11:00
Салауатты өмір салты
2023- жылдың 29- наурызында мектеп- лицейдің 5- 9- сыныптарының арасында "Салауатты өмір салты" тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру. Денсаулықты сақтауға бағытталған білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырылып қызықты тапсырмалар берілді. Сынып оқушылары іс-ша...

Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-03 22:33:25
Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері
31.03.23 күні "Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері" тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар ата-ана мен баланың құқығы мен міндеттерін атап, өз ойларын күнделікті өмірмен байланыстыра ортаға салды. Жағдаяттық тапсырма бойынша пікірлерін ашық айтып,  тақырыпты аша білді.

Стресспен күресе білу

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-03 11:38:42
Стресспен күресе білу
2023-жылдың 30- наурызы күні  8-сыныптар арасында «Стресспен күресе білу» тренинг өтті. Тренингті әлеуметтік педагог Бакимова А.Т. мектеп- лицей психолог педагогы Толетаева А.А. өткізді. Мақсаты: Жаттығулар жасату арқылы оқушылардың көңіл- күйін көтеру. Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жолдарын ұсыну.

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-29 21:30:24
Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары
«Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты көрме Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта айбар еткен бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Басқаша түсіндірсек, мемлекеттік рә...

Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-29 21:27:27
Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы
2023 жылдың 28- наурызы күні  мектеп- лицей медбикесі Б.Т.Акчулакова 8- сынып ұлдарының арасында"Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы" әңгіме сабақ өткізді. Оқушыларға ұл балалардың организміндегі өзгерістердің болуы туралы мәлімет берді.

Асық ату

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-28 22:05:57
Асық ату
Мектеп - лицейімізде оқушылардың үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Асық ату" ойыны жүйелі ұйымдастырылуда. Оқушылар өздерінің қызығушылықтарын танытып, қоңырау кезінде асық ату ойынын ойнауды дәстүрге айналдырды. Бұл - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудегі ұлағатты іс деп ойлаймыз.

Біз көктемді қарсы аламыз

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:31:09
Біз көктемді қарсы аламыз
2023 жылдың 24- 26- наурызы аралығында мектеп-лицей оқушылары Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен "Біз көктемді қарсы аламыз" атты қолөнер байқауына қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.

Оқу және жазу мәдениетінің күніне

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:25:21
Оқу және жазу мәдениетінің күніне
2023 жылдың 24-наурызы күні 26- наурыз - "Оқу және жазу мәдениетінің күніне"  байланысты "Ұлттық ойын- ұлт қазынасы" атты сайыс өтті. Сайысты ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.А.Молдажанова.                                               ...

Болашақ инженерлер

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:19:43
Болашақ инженерлер
25.03.2023 жылы 8"в" сынып оқушыларының арасында  "Болашақ инженерлер" 3Д модельдеу байқауы өтті . Байқау барысында Мухитбек Ерлен,Ержанұлы Диас, Дакимов Ерасыл,Қасымов Нұрсұлтанның  жұмыстары жоғары бағаланды

Ұлттық мереке-ұрпаққа өнеге

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-27 21:04:20
Ұлттық мереке-ұрпаққа өнеге
17.03.2023 жылы мектеп-лицейде "Ұлттық мереке-ұрпаққа өнеге" атты Наурыз мейрамына арналған саптық жиын өтті. Мақсаты: Оқушыларға ұлттық мерекенің маңыздылығын түсіндіру. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

бiрiншiсi 1 10 11 12 13 14 53 соңғысы