Табиғат сенің өз үйің

Дата: 2023-04-06 21:06:51
Табиғат сенің өз үйің

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 2023-жылдың 3- сәуірі күні  әдеттегідей саптық жиын өтті. Саптық жиын экология тақырыбына байланысты  «Табиғат сенің өз үйің» тақырыбында болды. Саптық жиынды 4 А сыныбы және 9А сыныбы сыныптары өткізді. Саптық жиында табиғат біздің өз үйіміз, табиғатты аялау керектігіміз жайлы және оны ластамауға, таза ұстау әр адамның парызы екендігін оқушыларға ұғындырды. Саптық жиын әрі қарай мектебіміздегі жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаумен жалғасты. Мектепішілік тәртіп пен оқушыларға қосымша хабарландырулар айтылды.