Размер шрифта:

Мұғалімдер арасында асық атудан турнир өтті...

Дәреже: Үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысы
Дата: 2021-11-02 20:58:22
Мұғалімдер арасында асық атудан турнир өтті...
Бүгін, 2 қараша күні білім беру мекемелерінің дене шынықтыру мұғалімдері арасында асық атудан қалалық турнир өтті. Жарысқа мектеп командалары өзара бақ сынасып, көпшілік алдында ептілігі мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Турнир қорытындысы бойынша Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының командасы жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!

Педконсилиум "1 және 5 сынып оқушыларының бейімделуі"...

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-11-02 20:55:52
Педконсилиум
1 қараша күні мектебімізде 1 және 5 сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты пән мұғалімдері, психолог, мектеп әкімшілігінің қатысуымен педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу; 1 сынып оқушыларының мектеп қабырғасына бейімделуі. Оқушылар өмірінде...

"Таза табиғат" жобасы аясында ағаш отырғызылды

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2021-11-01 19:18:31
Ағаш отырғызыңыз - планетаға өмір беріңіз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында қоршаған ортаның жағдайын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық табиғатты қорғау шаралары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуде қарастырылған. Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы «Таза Табиғ...

27 қазан күні қалалық «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының екінші кезеңі бастау алды

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-10-30 17:05:49
27 қазан күні қалалық «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының екінші кезеңі бастау алды
27 қазан күні қалалық «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының екінші кезеңі бастау алды. Бұл кезеңде мұғалім Ш. А. Алиева «Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақстандық жол» тақырып төңірегінде сынып сағатын өткізді. Сабақ әртүрлі стратегиялар мен технологияларды пайдалана отырып, жаңартылған білім мазмұнына сай құрылды.

«Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-10-30 17:00:11
«Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
30 қазан күні «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде: 1. «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі». Н. С. Рахимберлина 2. Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Г. Т. Сопыханова 3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау стратегиясын жүзеге асырудағы цифрлық техн...

Үш тілді меңгерген жастар арасында "Тілдарын" байқауы

Дәреже: "ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ" мәдени жобасы
Дата: 2021-10-29 17:21:14
Үш тілді меңгерген жастар арасында
29-қазан күні «Тілдер орталығы» КММ 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау. Байқау шарты бойынша 21-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алды. Байқауға мектебіміздің педагогы М. Т. Мұ...

«Мектеп аумағының тазалығы – өз қолымызда» атты челенджі ұйымдастырылды...

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2021-10-28 13:06:00
«Мектеп аумағының тазалығы – өз қолымызда» атты челенджі ұйымдастырылды...
«Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-сінде 2021 жылдың 28 қазан күні «Мектеп аумағының тазалығы – өз қолымызда» атты челенджі ұйымдастырылды. Еріктілер тобы мектеп аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында оқушылар өздерінің бірлігін, табиғатқа деген қамқорлығын көрсетті.   Дата: 28.10.2021, 12:42 Автор: "Михаил...

"Кім жүйрік?" математикалық сайысы

Дәреже: Оқушылардың ғылыми қоғамы
Дата: 2021-10-26 13:59:33
25 қазан күні Математика пәнінің мұғалімі Нөкербекова Г. А. дарынды балаларды анықтау мен дамытуға арналған мектепшілік пән апталығы аясында оқушылардың математикаға қызығушылығын, алған білімдерін тереңдету мақсатында 5-6 сынып оқушыларымен "Кім жүйрік?» математикалық сайысын өткізді. Оқушылар «Квадрат» және «Үшбұрыш» екі топ құрамында . Сайыс 4-кезеңнен тұр...

Қамқоршылық кеңесінің отырысы № 4 хаттамасы

Дәреже:
Дата: 2021-10-26 10:48:38
Қамқоршылық кеңесінің отырысы № 4 хаттамасы
  23.10. 2021  Күн тәртібінде қаралған мәселелер:  1. «Мектепке жол - 2021» Республикалық қайырымдылық акциясы бойынша жүргізілетін жұмыстар есебі. 2. Оқушылардың  күзгі демалыс уақытын өткізу. 3.  Әртүрлі. Қатысқандар: Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңесі мүшелері  - 9 ад...

Классикалық шахматтан чемпионат

Дәреже: Үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысы
Дата: 2021-10-25 17:19:59
Классикалық шахматтан чемпионат
Қазан айында қала мектептерінің 8-16 жас аралығындағы қыз және ұл балалар арасында классикалық шахматтан чемпионат өтті. Қалалық кезеңде Шалқарұлы Дастан 2 орынды иеленіп, бағалы сыйлық, дипломмен марапатталды. Үйірме жетекшісі Тургумбаев Владимир Нуркасымович. Құттықтаймыз!!!

Демалыс күні клубында...

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2021-10-24 22:47:43
Демалыс күні клубында...
24 қазан күні кезекті демалыс клубында мектеп кітапханасына жаңа түскен кітап, журналдармен танысу сағаты өтті. Бұл кітаптардан оқырмандар Қазақстанымыздың тарихынан көңілді де қызықты оқиғалармен танысады. Балалар білуге тиісті көптеген құпиялар бар кітаптар, оқыса, ізденсе ғана жетістікке жетуге болады. Балалар кезектесіп оқып, оқығандары бойынша ойларымен бөлісті.

"Жыл мұғалімі" байқауының І кезеңі

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-10-23 12:35:09
18 қазан күні «Жыл мұғалімі» кәсіби байқауының қалалық кезеңі басталды. 20 қазан күні бұл байқаудың бірінші кезеңіне мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Алиева Шынар Айбатыровна қатысып, 8 сыныпта «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар практикалық тапсырмалар орындап, интербелсенді түрде интернет сервистердің көмегімен білімдерін...

бiрiншiсi 1 47 48 49 50 51 196 соңғысы