"Жасыл Отан" экоклубы

Дәреже: Экоклуб "Жасыл Отан"

«Мектеп кеңістігін көкалдандыру» әлеуметтік мәні бар жоба бастау алды...

№2 мектеп-интернатында «Мектеп кеңістігін көкалдандыру» әлеуметтік мәні бар жоба бастау алды. Бұл жоба сынып бөлмелеріндегі үй өсімдіктерінің қаншалықты қажет екені, балалар денсаулығына қалай әсер тигізеді деген сұрақтарға жауап береді. Мектеп оқушылары «Қоршаған орта үшін пайдалы өсімдіктер», «Үй өсімдіктерін көбейтіп өсіру әдісі», «Өсімдіктердің қоректенуі, дәрілік өсімдіктер», «Ата-аналардың сыныпты көкалдандырудағы ролі» және басқа да іс-шаралар бойынша зерттеулер жүргізеді. Сәуір айында «Оқушылардың денсаулығына сыныпта көкалдандару деңгейінің әсері» атты ғылыми-практикалық конференциясында жобалық зерттеулердің нәтижелері қорытындаланады.

2018-11-09 13:52:27

Скачать Смотреть

"Мен – эколог" зияткерлік сайысынан жеңіспен оралдық...

2018 жылдың 27 қазан күні Қарағанды қаласының экономикалық университетінің Экология және басқару факультеті "Экология және бағалау" кафедрасының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде "Мен – эколог" зияткерлік сайысы өткізілді. Бұл сайыстың негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық шығармашылыққа ынталандыру. Сайыстың міндеттерінің бірі - оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу. Мектебіміз, № 2 санаторлық мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары: Омарова Айсұлу, Кәрібай Ерсұлтан, Аяғанова Баян "Мен – эколог" сайысына "Аяла" тобының құрамында қатысып, мектебімізде экология, сонымен қатар, "Туған жер" бағдарламасы төңірегінде құрылған "Тур-travel” жобасында жүргізліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, жобадағы бағыттарын жан-жақты аша білді. Сайыс нәтижесінде, қорғаған жұмыстарымыз үздік танылып, І орын дипломы мен кубокпен марапатталды, оқушыларға естелік сыйлықтары тапсырылды. Оқушыларды сайысқа дайындап, бағыт берген ұстаздарымыз - Раxимберлина З. Н., Әбдірбай А. Д., Мұxаметжанова Ф. А., Жанат А. Ж. Жеңіс құтты болсын!

2018-10-28 21:02:51

Скачать Смотреть

«Гулзар» үйірмесі "Ең жасыл кабинет" байқауы өтетіні туралы хабарлайды...

Мектебімізде «Гулзар» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге бастауыш, сонымен қатар 5-6 сыныптың оқушы қыздары қатысады. Үйірменің мақсаты: бөлме гүлін күту, сонымен қатар оның Пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Жасөспірімдердің гүл өсіруге деген қызығушылықтарын арттыру, гүл өсіре отырып денсаулығымызға пайдасы бар екенін үйрету. Үйірме жетекшісі Төлегенова Анар Бимаханбетқызы.

2018-10-26 15:40:11

Скачать Смотреть

«Адам табиғат қоғам» үйірмесі аясында дөңгелек үстел өткізілді...

24 қазан күні 4 сынып оқушыларымен «Адам табиғат қоғам» үйірмесі аясында дөңгелек үстел өткізілді. Үйірме жетекшісі Мағауина Г. Е. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Экология. Жасыл ел және еліміздің экологиялық мәселелерін шешу жолдары». Мақсаты: Экология туралы білімдерін жетілдіру. Сонымен қатар, экологиялық проблемалар және олардың шешу жолдарын анықтау, жол бермеу, шешу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар психологиялық дайындықпен бастады. Тақырыпты ізденушілікпен «Галерея шарлау» әдісімен ашты. Әрі қарай экология мәселер жайлы бейнеролікпен толықтырды. Берілген әріптерден сөз құру тапсырмалары. «Жасыл» сөзімен байланыстырып, оқушылар кластер құрап өз ойларымен бөлісіп ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында экологиялық проблемаларды көрсетті.

2018-10-24 17:22:20

Скачать Смотреть

«Қаламгер» (Эко-журналистер) үйірмесі өз жұмысын жүргізуде...

Ақпараттандыру ғасыр белесін басып отырмыз. Бүгінгі оқушыларымыз да кез келген көз алдындағы көрініс, дүниелердің барлығын сол мезетте көріп, сезіп, жаһанға жариялауға дайын. Осы орайда №2 мектеп-интернатының «Қаламгер» (Эко-журналистер) үйірме жұмысы жаңа оқу жылынан өз жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

2018-10-08 21:20:38

Скачать Смотреть

"Жер" экоклубының мүшелері қалалық сенбілікке қатысуға шақырады...

2018 жылдың 15 қыркүйек күні «Таза аула – таза қала» қалалық сенбілік болып өтті. Сенбіліктің мақсаты: оқушыларды өз қаламызға, мектебімізге, ауламызға деген зор махаббатын, сүйіспеншілігін ояту. Сенбілікке 6-9 сынып оқушылары, ұстаздар, тәрбиешілер, қызметкерлер белсене қатысты.

2018-09-15 15:04:26

Скачать

Әлемдегі 7 ең ғажайып «жылыжай»

Жылыжай - жасанды экожүйе, ол сіздерге жыл бойы оңтүстік өсімдіктерді өсіруге, өсімдік және егін жинауға мүмкіндік береді.

2018-04-18 10:30:30

Скачать Смотреть

Гүлдер мен басқа қолайлы заттардан өз қолыңызбен икебана қалай жасалады?

Икебана - бұл гүл шоқтарын жасау бойынша көне жапон өнері. Үйді өз қолдарыңызбен безендіруге өте ыңғайлы. Бұл өнерде гүлдер ғана емес, сондай-ақ әр алуан табиғи материал: бұтақтар, жапырақтар, кептірілген гүлдер қолданылады. Дайын туындылар кез-келген орынды сөрелерде, үстел үстінде, орнатылған едендік декор ретінде безендіріледі.

2018-02-21 00:35:04

Скачать Смотреть

Балқаш көлін пайдалану жолындағы ластану түрлері

Қазіргі кезде Балқаш көлінің суы ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр. Суларды ластаудың негізгі көздері:

2018-01-17 14:44:04

Скачать Смотреть

Балқаш өңірінің өсімдігін білеміз бе?

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады.

2017-10-06 06:57:10

Скачать Смотреть

Агротерапия

Жас ұрпақты тәжірибелік-зерттеу жұмыстарына, теория мен практиканы ұштастыру бағытында мектеп-интернатымызда «Агро-зертхана »курсының бағдарламасы қолға алынған болатын.

2017-10-06 06:47:07

Скачать Смотреть

Раушангүлдер қатарын көбейту...

Мектеп ауласындағы жазғы бақта өсетін раушангүлдер түрлерін көбейту мақсатында гүлдің бірнеше көшеттері отырғызылды. Мектеп ауласындағы экосаябақта тазалық жұмыстары жүргізілді.

2017-05-12 08:03:22

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы