Мектеп төлқұжаты

 

 

"Балқаш қаласы жалпы білім беретін М. П. Русаков атындағы

№ 2 санаторлық мектеп-интернаты" КММ төлқұжаты

 

1. Мекен-жайы: Сатпаев көшесі, 5. Телефон/факс -8 (71036) 4-90-21

2. Электрондық пошта:   internat2.rusakova@mail.ru

3. Сайт: http://balkhash.goo.gov.kz/content/view/32/747

4. Мектеп ғимараты  1961 жылы салынды

5. 1981 жылдан бастап санаторлық мектеп-интернаты атағына ие болды.

6. Оқыту тілі: қазақша, орысша

7. Жалпы оқушы саны 400, оның ішінде: қазақ тілінде білім алатыны – 385, орыс тілінде –15.  Жетім балалар - 2, ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар - 14, отбасылық жағдайы төмен- 51, аз қамтылған отбасы балалары - 41.

8. Мұғалімдер - 42, тәрбиешілер– 39, психолог – 1, әлеуметтік  педагог- 1.

9. Оқу бір ауысымда жүргізіледі.

10. МЕКТЕПТІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ бағыты: 

Өзін-өзі анықтауға, қоршаған ортадағы субъектілермен қарым-қатынас жасау арқылы өз мансабын дамытуға қабілетті мектеп түлегінің физикалық және рухани дені сау тұлғасының дамуына табысты жағдай жасайтын оқу-тәрбие кеңестігін құру.

Стратегиялық бағыт № 1. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту мен білім алудағы жаңа тәсілдері. Жобалар: «Полиглот», “ Қазіргі заманғы мектепте математика және физика бойынша білім сапасын арттыру”, “Профи” клубы.

Стратегиялық бағыт № 2. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру жағдайында адам тұлғасын тәрбиелеу. Жобалар:  «Отбасы» / «Әкелер кеңесі мен аналар мектебі»/.

Стратегиялық бағыт№ 3. Мектеп – денсаулық аралы. Жобалар: «Эко-агро-энерго кешен», “Денсаулық”.

11. Мектептің жалпы ауданы – 5449 кв. м

12. Жұмыс алаңы – 3869 кв. м.

13. Оқу бөлмелері:  – 22.

14. Компьютерлік парк—38, оның ішінде оқу үрдісінде қолданады – 28, Ғаламтор желісіне қосылған. 1 компьтерге шаққанда  - 8 оқушы, ауыстыруды қажет етеді – 12 компьютер.

15. Информатика кабинеті - 12 компьютер

16. Жаңа модификация кабинеті – физика кабинеті, 2006 жыл. Физика кабинетінде   LCD дисплейі орнатылған  / AHA/.

17. Ағылшын тілі кабинеті – мультимедиялық құралдармен жабдықталған.

18. Бастауыш сынып кабинеттері әр пәнді дамытуға бағытталған.

19. Типтік спорт залы,  акт залы, медициналық блок, асхана, типтік жатақхана, сауықтыру орталығы, М.П. Русаков атындағы мұражай, бос уақытты ұйымдастыру  орталығы бар.

20. Қала маңында жазғы «Болашак» демалыc аймағы жұмыс істейді.

21. Ауылшаруашылық еңбегіне баулуда мектеп жылыжайында, мектеп ауласында, «Болашақ» жазғы демалыc аймағында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.