Әйгерім
Сұрақ / Обращение #736
Сәлеметсіз, бе! Менің атым Әйгерім. Балалардың бір сабағы неше минутта болады?
Ответ
Сәлеметсіз бе! Әр топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің (сабағы) уақыты бөлек. Мысалы, кіші топты алсақ (2-3 жас) бір ұйымдастырылған оқу қызметі 10-15 минут өтеді. Ал, ортаңғы топта - 15-20 минут болса, ересек топта - 20-25 минут болады.
Жұлдыз
Сұрақ / Обращение #683
Сәлеметсіздер ме? Балабақшада сурет салу сабағы аптасына неше рет өткізіледі?
Ответ
Сәлеметсіз бе?"Айсұлу"балабақшасында сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметі аптасына 1(бір)рет өткізіледі.
Багдат
Сұрақ / Обращение #682
Қайырлы күн,"Айсұлу"балабақша ұжымы!Балабақшада балалар күніне неше рет тамақтанады?
Ответ
Қайырлы күн!"Айсұлу"балабақшасында балалар күніне 4(төрт)рет тамақтанады.