Леонтьева Алёна Александровна

Дәреже: Учителя
Леонтьева Алёна Александровна

Ағылшын тілі мұғалімі

Неге сіз мұғалім мамандығын таңдадыңыз? Мектеп жұмысы несімен жақсы?

   Балаларды жақсы көремін, олармен жұмыс істеу қызықты. Балалық шағымда дәрігер болғым келді, бірақ анам, менің мұғалім болғанымды қалады,содан мен ағылшын тілі мұғалімі мамандығын таңдадым.  Қазір мен бұл туралы еш өкінбеймін.

Менің мамандығымда артықшылықтар мен кемшіліктер бар.

1. Ұзақ демалыс, ол бізде 56 күн. Және алаңдаудың қажеті жоқ-демалыс әрқашан жазда.

2. Каникулда мектепке бару керек болса да, қалыпты жұмыс қарқынынан біраз демалуға болады.

Мұғалім жұмысының артықшылықтары мен жағымды аспектілері қандай деп атауға болады?

Балалармен қарым-қатынас, жағымды сәттер: сұраныс,төлем, балалармен жұмыс істеу қызықсыз емес,көп қарым-қатынас, өзін және шығармашылық қабілеттерін іске асыру мүмкіндігі.

Сіздің педагогикалық ұстанымыңыз қандай?

   A teacher a hand, opens a mind, touches a heart, shapes the future.

Сіз тым қатал немесе жай ғана қатал мұғалімсіз ба?

   Менің ойымша, жоқ. Балалар үшін дос болуға тырысамын, мен қатаң бола алатын кездер болады, бірақ бұл көпке созылмайды.