Размер шрифта:

Жаңалықтар

«Абайлаңдар,балалар!» облыстық жедел-профилактикалық спорттық іс-шарасының ақпараты

Дәреже: Мектеп тынысы
Дата: 2022-05-12 17:33:26
 «Абайлаңдар,балалар!» облыстық жедел-профилактикалық спорттық іс-шарасының ақпараты
12.05.22 күні Қаламызда «Абайлаңдар,балалар!» облыстық жедел-профилактикалық спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептердің Жас жол инспекторларының командалары қатысып, үгіт-насихат тобтары, флешмобп билерін тамашалады. Жас жол инспекторлары викторинаға қатысып, естелік сыйлықтарға ие болды. Акция көктем-жаз мезгілдерінде балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды...
Автор: №9 ОМ

«Ғарышты бағындырушылар» көрме

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:57:28
«Ғарышты бағындырушылар» көрме
Мектеп -лицейдің 4 «в» сынып оқушылары Балқаш қалалық тарихи - өлкетану мұражайына барып, 12-15 сәуір аралығындағы ғарыш және авиация күніне орай ұйымдастырылған «Ғарышты бағындырушылар» көрмесін тамашалады. Оқушылар алғашқы қала құрылысынан бастап бүгінгі күнгі тарихын айқын көрсететін фотоқұжаттар және фотосуреттермен танысты. Көрмеден оқушылар өте жоғары әсермен қайт...

«Әкелер даңқы жолымен»

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:40:26
 «Әкелер даңқы жолымен»
15 сәуір күні Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында "Балқаш қаласының 85 жылдық мерейтойын атап өтуде «Әкелер даңқы жолымен» төрт ұрпақтың кездесу-форумы өтті. Театрландырылған қойылым, би, музыка, ән әуенінің көмегімен оқиғалардың жарқын калейдоскопы, ұсынылып, тарих беттері парақталды. Форум ардагерлер, ұстаздар және мектеп-лицейіміздің ҰЛДАР ХОРЫНЫҢ орындауында Балқаш қ...

"Балқаш шежіресі" тақырыбындағы қаланың сұлбасы сәндік қолданбалы бұйымдар және қолөнер туындылары көрмесі

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:39:16
Балқаш қаласының 85 жыл мерейтойына арналған "Балқаш шежіресі" тақырыбындағы қаланың сұлбасы сәндік қолданбалы бұйымдар және қолөнер туындылары көрмесінде мектеп-лицейіміздің оқушылары бірнеше жұмыстарын ұсынып, нәтижесінде жүлделі 1- орынды иеленіп, арнайы диплом мен сыйлыққа ие болды. Жетекшісі: Әбеу А Құттықтаймыз!

СЕНБІЛІК

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:37:55
СЕНБІЛІК
16.04. 2022 ж. күні көктемгі екі айлық елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша халықтың өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша облыстық ауқымдағы сенбілік жарияланды. Сенбілікке барлығы - 200 ерікті қатысты, соның ішінде оқушылар саны - 155; қызметкерлер саны - 45;

Мәшһүр Жүсіп оқуларының облыстық байқауы

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:36:28
Мәшһүр Жүсіп оқуларының облыстық байқауы
15 .04.2022ж. жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Мәшһүр Жүсіп оқуларының облыстық байқауы ZOOM платформасында 4 бағыт бойынша өткізілді. Байқауға жалпы облыс бойынша 63 оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша: 1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»» бағыты бойынша: 3 орын – 8- сынып оқушысы Тұрсынбек Айсу...

"Балқаштың айдынындай жүрегім кең"

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:34:41
15.04.22ж "Балқаштың айдынындай жүрегім кең" Жеңіс Қашқыновтың туғанына 80 жыл мерейтойы аясында қалалық Гайдар атындағы балалар кітапханасында "Балқаш"шаңырақ тобының 2"ә",5"ә"сынып арасында тарихи танымдық сағаты өтті. Мақсаты: Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығын білу арқылы балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру; Оқушылардың функционалды сауаттылығын...

«Даналықтың бейсенбісінің»

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:32:08
«Даналықтың бейсенбісінің»
14.04.2022жылы «Даналықтың бейсенбісінің» қадірлі қонағы қазыналы әз ана,  Қазақстан Республикасының мәдениет ісінің үздігі, өлкетанушы,тарихшы, Қазақстан Республикасының журналистер Одағының мүшесі Сардарбек Күләш Ыбыжанқызымен  «Өлке тарихының шырақшысы» тақырыбында  4 «А», 7 «Б» «Тоқырауын» шаңырақ топтары кездесу өткі...

"12-сәуір Ғарышкерлер күніне " арналған 7сыныптар арасында " Үздік космос" макеттер байқауы өткізілді .

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:30:52
"12-сәуір Ғарышкерлер күніне " арналған 7сыныптар арасында " Үздік космос" макеттер байқауы өткізілді . Іс-шараның мақсаты:оқушыларға ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім екенін еске түсіру,аспан әлеміне қатысты макет жасау арқылы "Жер ғаламшарымен" танысу. Өткізілген іс-шарадан оқушылардың «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген мақалдын мағына...

4 "Ә" сынып оқушылары қалалық музейге саяхат жасады.

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:28:32
4
Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні аясында 4 "Ә" сынып оқушылары қалалық музейге саяхат жасады. Оқушылар қаламыздың шығу тарихымен және ғарышкерлер күніне арналып қойылған көрмені тамашалады. Әр түрлі қызықты мәліметтер, тың ақпараттар тыңдады. Ойындар ойнап, танымдық сөзжұмбақтар шешу барысында белсенділік танытты.

Құттықтаймыз!!!

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:26:58
Құттықтаймыз!!!
 "Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы"КМҚК ұйымдастыруымен қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген Балқаш қаласының 85 жылдығына, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған " Ұлан" қалалық-әскери спорттық ойынында мектеп -лицей командасы жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі: Сауғамбаев Т. Е Құттықтайм...

"Серілер" ер балалар клубының кезекті отырыс

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:16:54
8-9 сынып оқушыларының арасында “Зиянды әрекеттерден аулақ бол” тақырыбында "Серілер" ер балалар клубының кезекті отырыс өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту керек екенін насихаттау; Отырыс барысында: тәрбие  үлкенге сыйластық, зиянды заттардан аулақ болу жайында сөз қозғалып, ақыл кеңестер берілді.

бiрiншiсi 1 613 614 615 616 617 2125 соңғысы