11 сыныптың пән мұғалімдерімен директор жанындағы жиналыс өтті.
27 қаңтар күні 11 сыныптың пән мұғалімдерімен директор жанындағы жиналыс өтті. Директордың БІЖО Коккозова Н.А. І жарты жылдықтағы 11 сынып оқушыларын ЖОО-а түсу үшін ҰБТ-ға дайындық жұмыстары және мектепішілік тестілеу жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жасады. Директордың м.а. Ж.А.Шармуханбетова әр оқушының қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен дайындық барысы бойынша кері байланыс жасап отырды.
Мектеп-лицейдің педагог-психологы І жарты жылдықтағы 11 сынып оқушыларын ЖОО-а түсу үшін ҰБТ-ға психологиялық бағыттау және психодиагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп бере отырып, пән мұғалімдеріне оқушылардың психологиялық тестілеу қорытындысының анализі бойынша психологиялық бағыт-бағдар, нұсқау берді. Алдағы өтетін республикалық ҰБТ тестілеу ережесі және өтетін күндері бойынша толық ақпар берді.
Дата: 29.01.2024, 10:39 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая