11 сыныптың пән мұғалімдерімен директор жанындағы жиналыс өтті.

11 сыныптың пән мұғалімдерімен директор жанындағы жиналыс өтті.
27 қаңтар күні 11 сыныптың пән мұғалімдерімен директор жанындағы жиналыс өтті. Директордың БІЖО Коккозова Н.А. І жарты жылдықтағы 11 сынып оқушыларын ЖОО-а түсу үшін ҰБТ-ға дайындық жұмыстары және мектепішілік тестілеу жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жасады. Директордың м.а. Ж.А.Шармуханбетова әр оқушының қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен дайындық барысы бойынша кері байланыс жасап отырды. 
Мектеп-лицейдің педагог-психологы І жарты жылдықтағы 11 сынып оқушыларын ЖОО-а түсу үшін ҰБТ-ға психологиялық бағыттау және  психодиагностикалық жұмыстардың  қорытындысы бойынша есеп бере отырып, пән мұғалімдеріне оқушылардың психологиялық тестілеу қорытындысының анализі бойынша психологиялық бағыт-бағдар, нұсқау берді.  Алдағы өтетін республикалық ҰБТ тестілеу ережесі және өтетін  күндері бойынша толық ақпар берді.
Дата: 29.01.2024, 11:39 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі