«Qwirkly» үстел үсті ойыны ұйымдастырылып өткізілді.
Интеллектум – қазір заманда аса қарқынды дамып келе жатқан инновациялық сала. Инлеттектуалды ұрпақ қалыптастыру мақсатында мектеп-лицейімізде 2017-2018 оқу жылдарында арнайы «Интеллектум» кабинеті жабдықталды.
2023 жылдың 20 мен 30 қарашасы аралығында мектеп-лицейімізде «Дарынды ұрпақ-жарқын болашақ» атты дарынды балалардың онкүндігі аясында Л.К.Байжуманованың жетекшілігімен 5-сыныптардың интеллектум қосымшасында арнайы «Qwirkly» үстел үсті ойыны ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа баулу. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жалпы «Qwirkly» үстел үсті ойыны тек балаларға ғана емес, барлық отбасы мүшелеріне арналған дерексіз үстел ойыны. Мұндағы ойыншылардың міндеті – ортақ ерекшелігі бар сызықтарды салу (бір түсті немесе пішіндегі сызбалар). Мұндай сызықтарды салу ұпай жинап, жеңіске жақындатады.
Интеллектум ойындары оқушылардың кез-келген үстел үсті ойынын шапшаң меңгеруге, ой-өрісін дамытуға өз септігін тигізуде.
Дата: 28.11.2023, 14:55 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі