Кез келген әлеуметтік желіні жарастық орнаған ортаға айналдыру әр адамның өз қолында.
Сыйластық - қазақ халқында ежелден қалыптасқан, қанға сіңген қасиет. Ғасырлар өтсе де, техника ілгерілеп, бүтін ғаламшар алақандай ұялы телефонға "сыйып" тұратын дәуірге жетсек те, бабадан балаға жеткен "Сыйлассаң - сыйлы боларсың'' деген қанатты сөз мәнін жойған жоқ. Кез келген әлеуметтік желіні жарастық орнаған ортаға айналдыру әр адамның өз қолында. Айналаңдағы адамдарға құрмет көрсету, оларға қамқор болу, түсінушілікпен қарау адамды тұлға ретінде биіктетпесе, аласартпасы анық. Сондықтан күнделікті шынайы өмірде ғана емес, әлеуметтік желілерде де бір-бірімізбен сыйластыққа ұмтылайық.
Дата: 14.11.2023, 23:12 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая