"Мен қаламды сүйемін" акциясы аясында қалалық саябақта сенбілік өтті.
![](/media/img/journal/6535fcff2830c.jpeg)
21 қазан қала Әкімінің бастамасымен "Мен қаламды сүйемін" акциясы аясында қалалық саябақта сенбілік өтті. Сенбілікке қала мектептерінің оқушылары, мұғалімдері бірлесіп саябақты қоқыстан тазалап, ағаш көшеттерін екті. Мектеп-лицейіміздің де ұстаздары мен кіші қызметкерлері сенбіліктен қалыс қалмай, өз үлестерін қосты. Қаламыздың гүлденуіне арналған іс-шара - туған жерге сүйіспеншіліктен туған игі бастама.
Дата: 23.10.2023, 9:57 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая