Размер шрифта:

Судағы қауіпсіздік ережесі

 Судағы қауіпсіздік ережесі

Рұқсат етілмеген күнге дейін суға шомылған, әсіресе рұқсат етілмеген жерлерде шомылған балаларды қаланың құқық қорғау ұйымдары бақылайды. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін заңды өкілін жауапқа тартады, білім беру ұйымына хабарлайды.

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?

•суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;
•егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
•су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы  +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
•суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз).
•әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет.

        Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:

• Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан      алыс жүзбеу керек;
• Кемеге жақын жүзуге болмайды;
• Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
• Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
• Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге 
   болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін.
   Алдымен сумен шайынып алу керек;
•  Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
•  Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың
   тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.
Дата: 16.05.2023, 14:00 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая