Қарағанды облысының Полиция департаменті Балқаш полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ: АБАЙЛА!!! ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!

Қарағанды облысының Полиция департаменті Балқаш полиция бөлімі  ЕСКЕРТЕДІ: АБАЙЛА!!! ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!

 

Құрметті қарағандылықтар мен қала қонақтары!

Белгілі интернет сайттарының сауда алаңдарын, оның ішінде www.kolesa.kz, www.olx.kz, www.krisha.kz және т.б. пайдаланып, қылмыскерлер жасайтын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Сонымен қатар алаяқтар  әртүрлі тауарларды, өнімді сату, қызмет көрсету туралы жарнама үшін «facebook», «ВКонтакте», «mail.ru», «одноклассники»әлеуметтік желілерін, сондай-ақ «WhatsApp», «Telegram», «Instagramm» мессенджерлерін пайдаланады. Алаяқтар белгілі бір тауарды сату кезінде алдын ала төлемді талап етеді, ол үшін Qiwi-кошелек, түрлі банк шоттарын көрсетеді, оларды тексеру барысында жалған адамдардың аттарына тіркелген болып шығады.   

Келесі қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтықтың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:

-тексерілмеген сату көздерін қолданбаңыз;

-Қандай жағдай болса да өзіңіздің банк карточкаңыз немесе шот нөмерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет желісі бойынша;

-интернет арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілердегі күдікті келісімдерден бас тартыңыз;

-интернет-порталы арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуден бас тартыңыз;

-төлем жүйелері арқылы белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;

-автомашинаны және оған қосалқы бөлшектерді басқа қаладан сатып алу кезінде достарыңыз бен таныстарыңыздың сатушымен кездесіп, алынатын тауарды тексеруін өтініңіз.

 

АЗАМАТТАР, АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардан зардап шексе, шұғыл түрде хабарласыңыз:

тел. 102, 4-16-39

Дата: 5.10.2022, 17:22 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі