Размер шрифта:

Мектептің шатырын жөндеу жұмыстары

 Мектептің шатырын жөндеу жұмыстары

        Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 2022 жылғы 15 наурыздағы №34 келісім шарт негізінде 11 860 339 тг. қаржыға мектеп ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер- «ЕвразияИнвестСтрой» ЖШС, директор Г.Шаимов. Жұмыстың орындалу мерзімі 01.06.2022 ж - 01.08.2022 ж.

         Жұмыс бекітілген жұмыс кестесіне сай сапалы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жұмыстың 40%  мөлшері орындалды.

         Техникалық бақылау, мектептің қамқоршылық кеңесі, оқушылар, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінен құрылған арнайы комиссия  жұмыстың сапасын, пайдаланып жатқан тауарлардың сапасын үнемі тексеруде. Жұмыс белгіленген мерзімде аяқталады.

Дата: 14.07.2022, 14:37 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі