2022 жылдың 16 маусымында Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде «Сәт сапар, жас түлек!» атты жалпы орта білім туралы аттестатты табыс ету салтанатты жиыны өтті.
2022 жылдың 16 маусымында Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде «Сәт сапар, жас түлек!» атты жалпы орта білім туралы аттестатты табыс ету салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата - аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл - қыздардың, яғни, биылғы түлектеріміздің құрметіне арналды. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар, үлкен өмірге ұшқалы отырған түлектеріміз алтын ұя мектептерімен қош айтысып, аяулы ұстаздарына алғыстарын жолдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі»,- дей отырып «2022 жылды – Балалар жылы» деп жариялады. Өскелең ұрпақтың болашағына баса мән бере отырып, жастарға зор үміт артты.
Қымбатты түлектер, еліміздің болашағы - Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз!