Өзін - өзі тану кабинеті және сабақтар

Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуді алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі - қоғамда өзіндік орны бар, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Өзін –өзі тану рухани – адамгершілік білім жобасы мектеп - лицейімізде пән ретінде жүргізіліп келеді. Өзін - өзі тану кабинеті заманауи техникалық құралдармен толық жабдықталған. Мектеп – лицейде жыл сайын жоспарға сай «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» апталығы өтіп, жыл бойы өткен іс - шаралар балалар мен жастардың адамгершілік - рухани танымын жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған әлемге деген бауырмалдық, жақсылық жасауға тәрбиелеу бағыттарында жүргізілді.

https://youtu.be/-VfkXjQhvUI

Дата: 16.06.2021, 10:37 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая