Ата- аналар жиналысы туралы ақпар
2020 жылдың 24 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ – де 5- сыныптардың ата- аналарына арналған ата- аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2020- 2021 оқу жылының I тоқсан бойынша оқу- тәрбие үрдісі туралы ақпараттар берілді. 5- сыныптың сынып жетекшілері өз сыныптарының әр пән бойынша оқу сапасы, пәндік, ғылыми жұмыстардағы, сыныптан тыс тәрбие жұмысы бойынша жетістіктеріне тоқталып өтті. Жиналыс барысында 5- сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері де өз пәндерінің оқу ерекшеліктеріне, жүргізілу барысына тоқталып, I тоқсандағы онлайн оқу барысындағы кездескен қиындықтар мен оның шешу жолдарына тоқталып өтті.
Дата: 25.11.2020, 15:44 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі