Ата- аналар жиналысы туралы ақпар

Ата- аналар жиналысы туралы ақпар
2020 жылдың 24 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы  №2 лицей» КММ – де 5- сыныптардың ата- аналарына арналған ата- аналар жиналысы өтті.  Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2020- 2021 оқу жылының I тоқсан бойынша  оқу- тәрбие үрдісі туралы ақпараттар берілді.  5- сыныптың сынып жетекшілері  өз сыныптарының  әр пән бойынша оқу сапасы, пәндік, ғылыми жұмыстардағы, сыныптан тыс тәрбие жұмысы бойынша жетістіктеріне тоқталып өтті. Жиналыс барысында  5- сыныптарға сабақ беретін пән  мұғалімдері де өз пәндерінің  оқу ерекшеліктеріне, жүргізілу барысына  тоқталып, I тоқсандағы онлайн оқу барысындағы  кездескен қиындықтар мен оның шешу жолдарына тоқталып өтті.
   
 
Дата: 25.11.2020, 16:44 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі