2020 жылғы 9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанының ұйымдастыру жұмыстары бойынша ақпарат
Кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сенім телефонының жұмысы туралы ақпараттық жаднамалар таратылды.
09-19 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында эссе жүргізіліп, жасөспірімдердің зорлық–зомбылық және оның алдын-алу туралы ойлары мен ұстанымдары зерделенді. 13 қараша күні ата-аналардың қатысуымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. 14 қараша күні лицей инспекторының қатысыуымен (келсім бойынша) «Түнгі қаладағы жасөспірімдер» тақырыбында кешкі рейд ұйымдастырылды. 16 қараша күні 9-11 сыныптар арасында «Біз өз проблемаларымыз туралы» сынып сағаты ұйымдастырылып,көптеген сауалдар қою арқылы оқушылардың пікірлері тыңдалып, зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы кеңес беру жұмысы жүргізілді. 17 қараша күні мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша лицей психологы ата-аналарға «Бала мен ата-ана құқықтары, бала құқығын шектемеу және оған зорлық-зомбылық пен қатігездік көрсетпеу» тақырып аясында онлайн дәріс жүргізді. Сонымен қатар онкүндік аясында жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық даму мәселесі бойынша ЗОЖ орталығының мамандарымен онлайн кездесу өткізіліп, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, елдегі маңызды мәселе болып табылатын балалардың қауіпсіздігі туралы сұрақтар талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.