«Экология және біз» конференция

«Экология және біз» конференция

17.10.2020 ж. күні онлайн режимінде  «Экология және балалар» XXVI облыстық ғылыми-практикалық конференцияөтті. Конференцияға Қарағанды облысының мектептерінен барлығы 188 жоба ұсынылған. Лицейдің екі мұғалімінің ғылыми жетекшілігімен «Экология және балалар» XXVI облыстық ғылыми-практикалық конференцияға жіберген екі жобамыз да өтіп, осы конференцияда сәтті қорғады.

 Олар: Ақылбекова Зульфия – 8Б – тақырыбы: «Гидропоника мектеп жағдайында» , ғылыми жетекшісі:Садыканова Б.Ж. –биология пәні мұғалімі.

5Б сынып оқушылары: Ожанова Мерей, Сейдығали Асия, топтық жоба, тақырыбы: «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, Гүлзарда тиімді пайдалану», ғылыми жетекшісі: Наскенова Р.Н.– биология пәні мұғалімі. 

Қорғау барысының өзінде оқушыларымыз конференцияның әділқазылар алқасының оң бағасын алды. Қорытындысы 19.10.2020 ж. күнінен кейін шығатын болады.

Оқушыларымызға және  жетекші мұғалімдерге сәттілік тілейміз!  Жарайсыздар!

Дата: 18.10.2020, 20:04 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі