Қашықтан оқытуды үйренемін...
25.08-26.08 күндері лицей мұғалімдері жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында республика көлемінде өткізіліп жатқан білімді диогностикалау бағытында сабақ өткізуді бастады. Бұл дайындық сабақтары қашықтан оқу форматында оқу процесі, интернет платформаларды пайдаланумен ұйымдастырылды. Білімал. Электронды мектеп - жүйесіндегі жаңа платформамен 2-11 сыныптарда сабақтар жүргізілді. Жалпы 144 сабақ өткізілді, лицей мұғалімдері қашықтан оқыту платформасының барлық функцияларымен жұмыс жасап, оқу тапсырмалары арқылы білім алушылардың біліміне диогностика жүргізуге жаттықты. Лицей мұғалімдеріне информатика пәні мұғалімдері - А.А. Аманжол, Л.К. Байжуманова, Ж.Б. Джабаспаевалар бағыт берді. Білімді диогностикалау және өткен материалды қайталау сабағы, мұғалімдердің қашықтан оқытудағы интернет платформаларында жұмыс жасау шеберліктерін шыңдады.