Бейсенбілік кітап жарнамасы
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек. Ол қасиеттерді оқушылар бойына ұстаздардың берген білімдерімен сіңіреді, әрі қосымша ретінде оқушыларымыз кітап оқу арқылы алады десек қателеспейміз.
Дата: 24.01.2020, 7:34 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі