«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Асхана жұмысы туралы
Мектеп асханаларында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мақсатында 2020 жылдың 21 қаңтарында білім бөлімінің қызметкері және диетолог мейірбикесінің қатысуымен лицей асханасында тексеріс іс-шарасы жүргізілді. Іс-шара барысында лицей асхананың санитарлық-техникалық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі санитарлық талапқа сай және құжаттардың дұрыстығы анықталды. Асхананың ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі жақсы. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен, жабдықталған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Асханада пайдалануға жол берілмейтін, яғни тыйым салынған тағамдар қолданылмайды.