Жаңа формация педагогы
2020 жылдың 14 қаңтары күні лицейде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагогикадағы замануи сабақ моделі» тақырыбында конкурстық ашық сабақтар өтті. «Қоғамдық - гуманитарлы бағыттағы пәндердің үздік мұғалімі» бағыты бойынша тарих пәнінен 9 Б сыныбында Н.К. Досыбаев «Қазақстан - майдан арсеналы» тақырыбында сабақ берді. Сабақта оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері сандық білім ресустары қолданылды. «Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндердің үздік мұғалімі» бағытында физика пәні мұғалімі Ж.Т. Рахимова №3 зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді анықтау» 8 Б сыныбында сабақ көрсетті. Электр тізбегін құрастыруда жаңа білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылды.Жаңартылған білім мазмұныны сай кері байланыс, бағалау түрлері қолданылды. 5 А сыныбында математикадан «Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды анықтау» тақырыбында Б.Т. Әлжан сабақ көрсетті. Жобалау технологияларын қолдана отырып, пәнаралық байланыс жүзеге асты. STEM технологиясын қолдана отырып, оқушылар ноутбукта www.tinkercard.com бағдарламасы арқылы қиылған кубтің бейнесін келтіреді. Заманауи сабақ талабына сай learningapps.org қосымшасымен жұмыс жасады.
Г.М Балғабаева мектепалды даярлық тобында «Сиқырлы пішіндер» тақырыбында сабақ берді. Сабақ барысында мектепалды даярлық тобы оқушыларының геометриялық фигураларды ажырата білу және дұрыс атау мақсатына бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. Оқушылар ЛЕГО конструкторларымен түрлі пішіндер жасап, алғашқы математикалық дағдыларын қалыптастырды.