Лицейде Абай-руханияттың алтын қазығы жобасы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла..» атты қалалық Абай оқулары өтті.
![Лицейде Абай-руханияттың алтын қазығы жобасы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла..» атты қалалық Абай оқулары өтті.](/media/img/journal/5ddf3da9761ab.jpg)
«Суретті сұлу сөздің атасы» номинациясы «Абай жолы» роман эпопеясынан үзіндіні жатқа оқу бойынша ІІІ орын - Саиранова А ( №2 мектеп интернат), Әділетұлы Н (№5 мектеп), Сатыбалдина Айдана (№15 мектеп лицей) , ІІ орын - Мұхаметжанова А ( №7 мектеп-гимназия), Рахимбаев Т. ( №8 орта мектеп) , І орын -Тлеугабылова А. ( Саяк кенті), бас жүлде лицей оқушысы Алғамжанов Махамбет еншіледі.
«Даналықтың дара шыңы» номинациясы бойынша ІІІ орын - Ахметжанов А ( №8 орта мектеп), ІІ орын - Жанатова А ( №16 орта мектеп), І орын - Карыбаева Мадина ( Абай атындағы №2 лицей), Бас жүлде - Ибраимов А ( №15 мектеп-лицей) алды. Тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, Абай мұрасы ұлт болашағын тәрбиелеуде біздің негізгі бағдарымыз, кемел келешекке қадам басар шамшырағымыз.