«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей КММ» Балаларды қатігездіктен қорғау күніне байланысты өткізілген біріңғай тәрбие сағатының ақпары
Ересектердің балалар өмірін қатігездіктен, зорлық-зомбылықтан аман сақтау жолындағы әрбір шынайы қадамы өскелең ұрпақ өмірін өркендетеді.
Қазіргі таңда балаларға қарсы жасалатын жауыздық пен зорлық-зомбылық мәселесін шешу — дүниежүзінің барлық еліндегі басым бағыттардың бірі. Соған орай 13 қараша күні «Зорлық зомбылық және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында лицейде біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — балалардың өз бойларында ізгілік, мейірімділік қасиеттерін тәрбиелеу, оларды жақсылық жасауға құлшындыру. Оқушыларға «Балаларды зорлық зомбылықтан және қатігездіктен қорғау» атты бейне баяндар көрсетіліп, талқылынды.
Дата: 13.11.2019, 16:09 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі