Түнгі қала
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз, қараусыз жүруінің алдын алу, сонымен қатар лицейге бөлінген мөлтек ауданның шекарасында бала еңбегін қанау және балаларға қатыгездік пен қарау деректерін анықтау мақсатында 2019-2020 оқу жылының 23 қыркүйек кешкі сағат 19.00-21.00 аралығында «Түнгі қала» рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Аталмыш іс-шараға құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын алу мақсатында 4 мобильді топ құрылып 16 адам қатысты.
Рейдтік шара барысында 8 Март, Абай, Ағыбай батыр, Гоголя, Әлімжанов, Жамбыл, Жезқазған, Тоқтамысова, Бөкейханова көшелері, Сванқұлов орамы, 1,2,3 мөлтек аудандары, темір жол вокзалы маңындағы барлық кафе, дүкендер, ойын-сауық орындары, бос қалдырылған ғимараттар тексеріліп, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі жүріс фактілері анықталған жоқ. Кешкі сағат 21.00 – ден кейін мектеп оқушыларының жүрмейтіні анықталды. Кафе, дүкендер және ойын-сауық орындары иелеріне кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты әкімшілік және қылмыстық құқықтарының нормалары түсіндірілді.