2019 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арнап өткізілген іс-шара ақпары
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің туған күні. Қазақстан Республиканың туы,елтаңбасы және әнұраны - патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің рухани түсінігінің айқын бейнесі. Олар біздің еліміздің абыройы мен мақтанышы. «Балауса» жазғы лагерьнде осы маңызды күнге іс шаралар ұштастырылды. Бұл шараның мақсаты: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. «Балауса» жазғы лагер демалушыларымен мемлекеттік рәміздер мен тілін білу сайыс-викторинасы өткізілді. Сонымен қатар осы мерекеге орай «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» атты интеллектуалды ойын өз жалғасын тапты. Викторина соңында өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша демалушылар марапатталды.