Рәміздер күні
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де 2019 жылдың 4 маусымы күні – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға лицейіміздің барлық ұстаздары мен лицей оқушылары қатысты. Жиынды лицей директоры К.Т.Рахимберлина ашып, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерді қадір тұту және әрбір азамат рәміздерді құрметтеу керектігі, рәміздердің мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі екендігі туралы айтып өтті. Салтанатты жиында лицейіміздің «Өркен» үгіт- насихат тобы рәміздер туралы мәліметтер айтып өтсе, жас әншілеріміз «Мәңгілік ел» әнімен жалғастырды.
Дата: 4.06.2019, 16:03 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая