«Зиялы бейсенбі» қонағы ҚарМУ-нің химия факультетінің аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кадырберлина Гульпан Мусралиевна
Лицей базасында НЗМ бағдарламасы негізінде өтетін дәстүрлі «Зиялы бейсенбі» жобасы өтті. «Зиялы бейсенбі» қонағы ҚарМУ-нің химия факультетінің аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кадырберлина Гульпан Мусралиевна .
«Зиялы бейсенбіге» қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында химия пәні бойынша олимпиада мүшелері, химия, биология пәндерін таңдаған түлектері және химия, биология пәні мұғалімдері қатысты.
Лицей директоры: Рахимберлина Қ.Т. аталған «Зиялы бейсенбі» жобасының мақсатын, маңыздылығын айта отырып, «Зиялы бейсенбі» қонағымен таныстырды.
Химия пәнінің мұғалімі Мұқмеди Р.С. басшылығымен лицейдің «Жас химик» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы көрсетілді, лицейдің химия, экология бағытындағы жетістіктері, осы саладағы лицей түлектері жайлы ақпарат берілді.
«Зиялы бейсенбі» қонағы ҚарМУ-нің химия факультетінің аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кадырберлина Гульпан Мусралиевна «Химия, медицина және фармация жетістіктерін халық игілігіне пайдалану» тақырыбындағы жұмысымен таныстырды. Тыңдаушыларға химия, медицина, фармация мүмкіндіктерін және халыққа пайдалы жетістіктерін саралай отырып, халық игілігіне пайдалану жолдарын, дәрі-дәрмекті дұрыс пайдалану, дұрыс тамақтану, мамандық таңдауда бағыт-бағдар жолдарын жан-жақты жеткізді. Соңынан мұғалімдер, оқушылар тақырып аясында өздерінің қызықты сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттар алды. «Зиялы бейсенбі» қонағымен естелікке суретке түсті.